Accessibility links

АҚШ-та Джохар Царнаевтың соты басталады


Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевтың сот залындағы кескіні.
Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевтың сот залындағы кескіні.

АҚШ-та бүгін 2013 жылдың сәуірінде марафон кезінде болған жарылысты ұйымдастырды деген күдікті Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот басталады.

Қаңтардың 3-і күні сот Царнаевтың қорғаушыларының процесті кейінге шегеру немесе Бостоннан басқа қалада өткізу туралы өтінішін қабылдамай қойған еді.

Бүгін басталатын сотта судья Джордж О'Тулл он екі алқа судьясы мен оның алты орынбасарын іріктеп алады.

Бұған дейін прокурорлар Царнаевқа тағылған айыптар бойынша өлім жазасын сұраған. Бірақ Царнаев өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

2013 жылғы сәуірдің 15-інде марафон аяқталуға жақын қалғанда болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан аса адам жараланған. Тергеу мәліметтері бойынша, Джохар мен оның ағасы Тамерлан Царнаев мәреге жақын жерге жарылғыш заты бар рюкзак тастап кеткен. Полиция Тамерлан Царнаевты жарылыстан соң тұтқындамақ болған кезде атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG