Accessibility links

Сомали астанасында жарылыс болды


Сомали астанасында қонақ үй маңында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Могадишу, 2 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Сомали астанасында қонақ үй маңында болған жарылыстан кейінгі көрініс. Могадишу, 2 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Сомали астанасы Могадишо қаласында қаңтардың 4-і күні халықаралық әуежайға жақын аумақта жанкешті шабуылынан төрт адам қаза тапқан.

Шабуылды "Әл-Қаидамен" байланысы бар радикалды "Әл-Шабааб" тобы мойнына алды. Полицияның мәліметінше, жанкешті жарылғыш зат тиеген жүк көлігімен әскери конвойды соққан. Зардап шеккендердің көпшілігі - оқиға маңынан өтіп бара жатқан жүргіншілер болған.

Сомали ішкі істер министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, құзырлы орындар жанкештінің шабуыл жасайтынын біліп, ізіне түскен. Жергілікті ақпарат құралдары жарылыстан жеті адам қаза тапқан деген хабар таратты.

Содырлар Могадишодағы әуежай маңына жиі шабуыл жасайды. Мұнда қарулы күштер офицерлерінің үйі, елшілік ғимараты және "Әл-Шабаабқа" қарсы Африка одағы әскерінің базасы орналасқан.

XS
SM
MD
LG