Accessibility links

Сирия оппозициялық күштері жаңа басшы сайлады


Сирия оппозициясының жиыны, Каир, Египет. (Көрнекі сурет).

Сирия оппозициясының жиыны, Каир, Египет. (Көрнекі сурет).

Сирия оппозициялық және революциялық күштері ұлттық коалициясының жаңа басшысы болып осы ұйымның Түркиядағы өкілі Халед Ходжа сайланды. Ол басшылық қызметке қайта сайланудан бас тартқан Хади әл-Бахрдың орнына сайланды.

Қаңтардың 4-інде Стамбулде өткен дауыс беруде Халед Ходжаны басшылықтың 56 өкілі қолдаған. Ходжаның бәсекелесі, оппозициялық күштер коалициясының бас хатшысы Насер әл-Харириді 50 адам қолдап дауыс берген.

Таяу уақытта Сирия оппозициялық топтарының өкілдері Сирия президенті Башар Асад билігімен келіссөз өткізудің "жол картасын" талқылау үшін Каирге жиналуы мүмкін.

Ресей сыртқы істер министрлігі бұған дейін қаңтардың соңында Сириядағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдерінің кездесуін өткізуді ұсынған.

Сирия оппозициялық және революциялық күштерінің ұлттық коалициясы 2012 жылы құрылған. Коалицияны батыс елдері, Түркия мен бірнеше араб мемлекеттері қолдайды.

XS
SM
MD
LG