Accessibility links

Арынның адвокаттары үкімге шағымды қайтып алды


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі, қызмет өкілетін теріс пайдаланды деген айыппен үш жылға шартты түрде сотталған Ерлан Арынның адвокаттары сот үкіміне берген шағымын қайтарып алды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қарашаның 26-сында Павлодар облыстық соты Арынды "алаяқтық жолмен 1,6 миллион теңге қаржы жымқырды", "пара алды" және "қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастырған" деп айыптап, оны үш жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айырған. Ол үкімнен кейін сот залынан босатылған.

Ерлан Арынды 2014 жылы наурыздың басында қаржы полициясы Павлодар облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тұтқындаған еді. Әуелде оған «ұйымдасқан қылмыстық топ» құрды, «бюджет қаржысын ысырап қылып, иеленді» деген айыптар тағылған. Бірақ кейін облыстық прокуратура істі қарап, айыптардың кейбірін алып тастаған.

XS
SM
MD
LG