Accessibility links

Қытай сирек металдар экспортына квотаны жойды


Қытайдағы сирек металл өндіретін кеніш. Цзянсу провинциясы. (Көрнекі сурет).
Қытайдағы сирек металл өндіретін кеніш. Цзянсу провинциясы. (Көрнекі сурет).

Қытай жоғары технология саласында қолданылатын сирек кездесетін 17 элементті экспорттауға енгізген шектеуді алып тастады. Бұл жайлы ақпаратты бүгін Қытайдың коммерция министрлігі жариялады.

Қытай сирек кездесетін металдарды экспорттауға квотаны 2009 жылы енгізген. АҚШ 2012 жылы Қытайдың квота енгізгеніне байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) шағым түсірген еді. ДСҰ шағымды АҚШ-тың пайдасына шешкен.

Былтыр наурызда ДСҰ Қытайдың экспортқа квота енгізуінде алалаушылық сипат бар деп тапқан. Сарапшылар Қытай енді квотаны табиғи ресурстарды пайдалануға салынатын салықты көбейтумен алмастырады деп болжайды.

Қытай әлемдегі сирек кездесетін минералдар қорының 30 пайызға жуығына ие. Қытайдың әлемде бұл минералдар өндірісіндегі үлесі 90 пайызды құрайды.

XS
SM
MD
LG