Accessibility links

Франция мен Германия Астана кездесуіне күмәнді


Ресей президенті Владимир Путин мен Франция басшысы Франсуа Олланд (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин мен Франция басшысы Франсуа Олланд (Көрнекі сурет)

Франция мен Германия 15 қаңтарда Астанада өтетін Украинаға қатысты төртжақты саммиттің өтуіне күдікпен қарайды.

Германия канцлерінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт "Украинаға қатысты кездесулерді Минскіде жасалған бейбітшілік келісімінде айтылған шарттар орындалса ғана өткізуге болатынын" мәлімдеді.

Франция президенті Франсуа Олланд жергілікті радиолардың бірінде кездесуден нәтиже шығатын болса ғана баратынын айтқан.

Астанада өтуі ықтимал кездесу жайын Берлиндегі Украина, Ресей, Франция мен Германия сыртқы істер министрлері талқылап, олар да нақты нәтиже шығатын болса ғана жүздесуді ұсынды.

15 қаңтарда Астанада Украина, Ресей, Франция және Германия президенттерінің кездесуі өтеді деп жоспарланған. Кездесу барысында Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен арадағы қақтығысты реттеу жолдары талқылануы тиіс.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG