Accessibility links

Бостонда Джохар Царнаевтың соты басталды


Джохар Царнаевтың (оң жақтан санағанда екінші) соттағы кескіні. Бостон, 5 қаңтар 2015 жыл.

Джохар Царнаевтың (оң жақтан санағанда екінші) соттағы кескіні. Бостон, 5 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ-та қаңтардың 5-інде Бостон қаласында 2013 жылы сәуірдің 13-інде марафон кезінде болған жарылысты ұйымдастырды деген айып тағылған Джохар Царнаевтың үстінен сот процесі басталды.

Сот әуелі алқа судьяларын іріктеп алудан басталды. Сотқа барлығы 1 мың 200 алқа судьясы шақырылған. Олардың ішінен 12 негізгі алқа судьяы мен қосалқы алты судья таңдап алынады. The Boston Globe басылымының хабарлауынша, алғашқы күні сотта Царнаев айыпталушы орындығында ешқандай эмоция білдірмей отырған. Судья сотта аудио және видео жазба жасайтын құрылғыларды пайдалануға тыйым салды.

Прокуратураның ұйғарымы бойынша, 21 жастағы Джохар Царнаев марафон аяқталатын кезде ағасы Тамерлан Царнаевпен бірге жарылғыш зат қойған. Полиция Тамерлан Царнаевты жарылыстан кейін тұтқындау кезінде атып өлтірген.

Жарылыстардан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Царнаевқа 13 бап бойынша, оның ішінде кісі өлтіруге қатысты айып тағылған. Прокуратура бұған дейін Царнаевқа бұл айыптар бойынша өлім жазасын сұраған.

Болжам бойынша, алқа судьяларын іріктеп алу үш аптадан алты аптаға дейін созылуы ықтимал, ал сот процесінің өзі бірнеше айға жалғасуы мүмкін. Егер алқа судьялары Царнаевты айыпты деп тапса, онда олар жазаны да тағайындауы тиіс болмақ. Сотта қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев куәлік етеді. Тәжаяқов пен Қадырбаевқа бұл іс бойынша тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG