Accessibility links

Үндістан-Пәкістан шекарасында бес адам мерт болды


Үндістанның Шринагар қаласында жүрген үнді сарбазы. (Көрнекі сурет).
Үндістанның Шринагар қаласында жүрген үнді сарбазы. (Көрнекі сурет).

Үндістан мен Пәкістан сарбаздары даулы Кашмир аймағында бір-біріне оқ атып, бес адам қаза тапқан.

Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, қаңтардың 5-інде Сиалкот қаласы маңында Үндістан жағы атқан оқтан арасында бір жасөспірім бар, бес бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сол күні бұдан сәл бұрын Үндістан билігі елдің Шринагар қаласынан оңтүстікке қарай 350 километр қашықтықта орналасқан Самба секторын Пәкістан тарапының зымыранмен атқылауынан үндістандық бір шекарашы опат болғанын хабарлаған еді.

Желтоқсанның 31-інде оқ атылған жанжалдан бір үндістандық шекарашы мен пәкістандық бір сарбаз мерт болған.

Пәкістан мен Үндістан 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері үш рет соғысты. Оның екеуі даулы Кашмир аймағына қатысты таластан туындаған еді.

XS
SM
MD
LG