Accessibility links

Канада кемелері Украинаға көмек жүгін жеткізеді


Одессада жүрген украиналық әскерилер. 5 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Одессада жүрген украиналық әскерилер. 5 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Канаданың Украинаға көмек ретінде қару-жарақтан басқа әскери жүк тиеген екі кемесі бүгін Одесса портына жетпекші.

Украина президентінің көмекшісі Юрий Бирюковтың қаңтардың 5-інде хабарлауынша, көпшілігі сарбаздарға арналған қыстық киім мен аяқ киімнен тұратын әскери жүкті Одессадағы еріктілер ұйымдары қабылдап алып, Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан украин сарбаздарына жеткізбек.

Бирюковтың сөзінше, қаңтардың ортасына қарай Канададан жүк тиеген тағы бір кеме келмек.

Литва қорғаныс министрі Юозас Олекас бұған дейін өз елі Украинаға әскери материалдар бергенін хабарлаған. Бірақ ол нақты қандай әскери материал екенін ашып айтпаған.

XS
SM
MD
LG