Accessibility links

Қырғыз оппозиционерінің кітабы дау тудырды


Қырғызстандық оппозицияшыл саясаткер, "Ата Жұрт" партиясының басшысы Садыр Жапаров.

Қырғызстандық оппозицияшыл саясаткер, "Ата Жұрт" партиясының басшысы Садыр Жапаров.

Қырғызстан оппозициялық саясаткері, "Ата-Жұрт" партиясынан сайланған бұрынғы парламент депутаты Садыр Жапаровтың "Саясаттағы 10 жыл" атты кітабындағы кейбір айыптаулар Қырғызстанда дау тудыра бастады.

Әлі баспадан шықпаған, тек интернетте ғана таралған кітабында Жапаров қазіргі президент Алмазбек Атамбаев пен экс-президент Роза Отунбаева және басқа да бірқатар шенеуніктің "2011 жылы құпия түрде Түркияға біраз көлемде алтын жөнелту ісіне қатысы бар" дейді.

Кітапта аталған Ыстықкөл облысының губернаторы Эмилбек Каптагаев өзіне тағылған айыпты "жалған" деп мәлімдеп, интернетте таралған ақпарат кітап түрінде басылып шықса авторды сотқа беретінін ескертті.

Садыр Жапаров қазір Польшада тұрады. Ол және "Ата-Жұрт" партиясының тағы екі басшысы Камчыбек Ташиев пен Талант Мамытов былтыр наурызда "билікті күшпен құлатпақ болды" деген айыппен бір жылдан бір жарым жылға дейінгі мерзімдерге сотталған еді. Бірақ маусым айында сот үкіміне жаппай наразылық шаралары нәтижесінде олар түрмеден босатылған.

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Кубатбек Байболов кітапта келтірілген айыптар мен деректер тексерілуі тиіс деп санайды.

XS
SM
MD
LG