Accessibility links

АҚШ-та экс-губернатор екі жылға сотталды


АҚШ-тағы Виргиния штатының бұрынғы губернаторы Роберт Макдоннел. 8 қараша 2010 жыл.
АҚШ-тағы Виргиния штатының бұрынғы губернаторы Роберт Макдоннел. 8 қараша 2010 жыл.

АҚШ-тағы Виргиния штатының аймақтық федералдық соты осы штаттың бұрынғы губернаторы Роберт Макдоннелді коррупция қылмысына байланысты екі жылға түрме жазасына кесу туралы үкім шығарды.

Былтырғы жылдың соңында Макдоннел витаминдер мен диеталық ас қоспасын шығаратын компания басшысынан жалпы сомасы 177 мың доллар пара алғаны үшін айыпты деп танылған еді. Макдоннелмен бірге сотқа айыпкер ретінде қатысқан оның әйеліне үкім ақпан айында шығарылмақ.

2010 жылдан 2014 жылдың қаңтарына дейін Виргиния штатының губернаторы болған Роберт Макдоннелл, 2013 жылы парақорлыққа қатысты тергеу басталғанға дейін, республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат болуға лайық тұлғалардың бірі саналып келген.

Прокуратура Макдоннелге жиырма жылға дейін мерзімге түрме жазасын беруді сұраған еді. Бірақ, істі қараған судья сотталушының өз ісіне өкінетіндігі туралы айтқанын, оның АҚШ қарулы күштері қатарында атқарған қызметін және бұрынғы губернаторды жақсы қырынан сипаттап, мінездеме берген куәгерлердің сөздерін назарға алып, оған екі жыл түрме жазасын тағайындаған.

XS
SM
MD
LG