Accessibility links

Шаңғышы Полторанин "Тур-де-Ски" кезеңінде алтын алды


Алексей Полтораниннің "Тур-де-Ски" жарысында жеңіске жеткен сәті. 7 қаңтар 2015 жыл. Тоблах (Италия).
Алексей Полтораниннің "Тур-де-Ски" жарысында жеңіске жеткен сәті. 7 қаңтар 2015 жыл. Тоблах (Италия).

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Тоблахта (Италия) өтіп жатқан "Тур-де-Ски" жарысының үшінші кезеңінде жеңіске жетті.

Ол 10 километрлік жарыста алтын алды. Күміс медальді ресейлік Евгений Белов иеленсе, қола жүлдені норвегиялық Мартин Сундбю ұтты.

Бұл - Алексей Полтораниннің биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.

Полторанин қазір Қазақстан ұлттық құрамасынан бөлек Эстонияда белгілі маман Мати Алавермен жаттығып жатыр. Спортшы алда Валь-де-Фиемеде (Италия) өтетін "Тур-де-Ски" жарысының төртінші кезеңіне қатысады.

XS
SM
MD
LG