Accessibility links

Украина Германиядан 500 миллион еуро несие алмақ


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина мен Германия үкіметі қаңтардың 7-сінде Берлинде Украинаға 500 миллион еуро көлемінде несие беру туралы келісім жасасты.

Украин үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімге Украина экономикалық даму және сауда министрі Айварас Абромавичус пен Германия федералдық экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Матиас Махник қол қойған. Келісім премьер-министр Арсений Яценюк бастаған Украина үкіметі делегациясының сапарында жасалған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Берлинге ресми сапарында Германия федералдық президенті Иоахим Гаукпен кездескен. Украина үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жақ кездесуде Шығыс Украинадағы дағдарысты реттеудің бірлескен қадамдарын жасау жайын талқылаған. Яценюк дағдарысты реттеудің бірден бір жолы Минск келісімін орындау екенін айтып, Ресейді келісім талаптарын бұзып отыр деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG