Accessibility links

Ресейшілдер Германия үкіметі сайтына шабуылды мойнына алды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

CyberBerkut деп аталатын ресейшіл хакерлер тобы қаңтардың 7-сінде Германия үкіметінің, оынң ішінде канцлері Ангела Меркельдің веб-сайтына жасалған шаубылды мойнына алды.

Ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде топ хакерлік шабуыл жасағанын айтып, Берлиннен Украина үкіметіне "қаржылық және экономикалық қолдау көрсетуді" тоқтатуды талап етеді.

Ангела Меркельдің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберттің айтуынша, үкіметтік веб-сайттарға шабуыл қаңтардың 7-сі күні күндізгі сағат 10-нан басталып, сайттар ара-тұра бұғатталып қалып отырған. Ол веб-сайттарға қызмет көрсететін провайдердің мәліметтер базасы "сыртқы ақпараттық жүйелердің шабуылына" ұшырағанын айтқан.

Шабуыл Украина премьер-министрі Арсений Яценюк пен Германия президенті Иоахим Гауктің қаңтардың 7-сіндегі кездесуі алдында жасалған.

XS
SM
MD
LG