Accessibility links

Тәжікстанда "ӨИҚ мүшелері" деген күдіктілер ұсталды


Ауғанстандағы "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының мүшелері. (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының мүшелері. (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда "Өзбекстан ислам қозғалысы" (ӨИҚ) ұйымына мүше деген 10 күдікті мен олардың "басшысы" Икром Халилов ұсталды.

Мемлекеттік телеарналардың хабарлауынша, Икром Халилов 10 серігімен бірге милиция бөліміне шабуыл жасап, қару-жарақты иеленуді және одан ары қарай "ислам мемлекетін" құру үшін қарулы қарсылықты бастауды жоспарлаған. Күдіктілер Душанбеден 50 километр қашықтықтағы Шахринав ауданында ұсталған.

Ресей мен Орталық Азия елдерінде тыйым салынған, қазір Ауғанстан мен Пәкістанда белсенді әрекет ететін ӨИҚ АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық террорлық ұйымдар тізіміне кірген. Ол ұйымның "Талибан" және "Әл-Қаида" ұйымдарымен байланысы бар делінеді.

XS
SM
MD
LG