Accessibility links

Митт Ромни: АҚШ президенті болғым келеді


АҚШ саясаткері Митт Ромни. 7 қараша 2012 жыл.

АҚШ саясаткері Митт Ромни. 7 қараша 2012 жыл.

АҚШ республикалық партиясының өкілі, саясаткер Митт Ромни 2016 жылы өтетін президент сайлауына тағы да кандидат ретінде қатысу ниеті барын айтты. Ол бұл туралы жұма күні Нью-Йоркте алдағы сайлауға қаржы бөле алатын донорлармен кездесуде мәлімдеген.

«Менен шынымен президент болғыңыз келе ме деп сұрайды. Иә, солай екені рас және оны бұған дейін екі рет дәлелдегенмін» деген ол.

Ромни бұған дейін 2008 жылы АҚШ президенті сайлауына республикашылар атынан түсуге Джон Маккейнге жол берген, ал 2012 жылғы сайлауда негізгі бәсекелесі Барак Обамадан жеңіліп қалған еді.

Бұдан бірнеше ай бұрын NBC телеарнасына берген сұхбатындан Ромни алдағы сайлауға түспейтінін айтып, партия қатарында «бүгінде сайлаушыға менікінен де озық бағдарлама ұсына алатын лайықты кандидаттар жетерлік» деген еді.

Жақында Ромнидің партияласы, Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш 2016 жылы өтетін президент сайлауына түсуге керекті қаржы жинауды ұйымдастыру туралы мәлімдеген. Джеб Буштың әкесі үлкен Джордж Буш (1989 жылы) пен ағасы кіші Джордж Буш (2000 және 2004 жылдары) АҚШ президенті қызметіне сайланған тұлғалар.

XS
SM
MD
LG