Accessibility links

АҚШ Кубаның саяси тұтқындарды босатуын құптайды


Гавана көшелерінің бірінде ілулі тұрған Куба туы. (Көрнекі сурет)
Гавана көшелерінің бірінде ілулі тұрған Куба туы. (Көрнекі сурет)

АҚШ Кубада саяси тұтқындардың бостандыққа шығуын құптайды деп жазды Twitter парақшасында АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Бен Родс. Ол түрмеден босатылған диссиденттердің өз отбасыларымен қауышуға мүмкіндік алғанын айтқан.

Бұған дейін «Куба патриоттық одағы» диссиденттік тобы соңғы екі күнде 36 адам түрмеден босатылғанын, оларға құқық органдарында тұрақты түрде белгіленіп отыру туралы шарт қойылғанын хабарлаған еді.

Куба билігі таяуда АҚШ-пен арадағы осыдан елу жылдан астам уақыт бұрын үзілген қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін жасалған уағдаластық бойынша, түрмеде отырған 53 саяси тұтқынды босатуға уәде берген. Келісімде диссиденттерді босатып, тұтқын алмасу, дипломатиялық байланысты қайта жандандыру қарастырылған.

Болжам бойынша, Вашингтон мен Гавана арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселесі қаңтардың соңында АҚШ мемлекеттік хатшысының Латын Америкасы елдері бойынша көмекшісі Роберт Джейкобсонның Гаванаға сапарында талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG