Accessibility links

Франция президенті халықты бірлікке шақырды


Франция президенті Франсуа Олланд телеарнадан халыққа үндеу жасап тұр. Париж, 9 қаңтар 2015 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд телеарнадан халыққа үндеу жасап тұр. Париж, 9 қаңтар 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд жұма күні телеарна арқылы үндеуінде халықты бірлікке және қырағылыққа шақырды.

«Бірлік - біздің ең озық қаруымыз. Бізді бөлшектеуге қарсы күресте табандылық танытуымыз керек» деген ол расизм мен антисемитизмге жол бермеу қажеттігін айтқан.

Олланд телеарнадан мәлімдемесін Charlie Hebdo сатиралық журналына шабуыл жасаған деген күдіктілер қаңтардың 9-ы күні арнайы операция барысында өлтірілген соң жасады. Франция президенті осы операциялар қатысқандарға ризашылық білдірген.

Олланд Париждің шығыс бөлігіндегі дүкеннен қарулы кісі кепілге алғандарды құтқару операциясы барысында төрт адамның қаза болғанын хабарлады. Ол Hyper Cacher еврей тағамдары дүкенінде кепілге адам алу оқиғасын «антисемиттік масқара акт» деп сипаттады.

XS
SM
MD
LG