Accessibility links

Венедиктов Қадыровтың сөзінен соң құқық органдарына жүгінбек


«Эхо Москвы» радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов.

«Эхо Москвы» радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов.

Ресейлік «Эхо Москвы» радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов өзі басқаратын редакцияның саясатына қатысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың мәлімдемесінен кейін құқық органдарына жүгінбек ниеті барын айтады.

«Мен Рамзан Қадыровтың тарапынан айтылған сесті шындап қабылдаймын, сондықтан жақын арада Ресей құқық органдарына жүгінбекшімін» деп жазған ол өз блогында. Бас редактор «Эхо Москвы» радиосы исламға қарсы бағыт ұстанады» деген айыптаумен үзілді-кесілді келіспейді. «Мұндай мәлімдемелер жала жабу сипатында және радиомыздың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп санаймын» дейді Венедиктов.

Жұма күні Рамзан Қадыров Instagram парақшасында жариялаған мәлімдемесінде бас редактор Алексей Венедиктовті «Эхо Москвы» радиостанциясын исламға қарсы бас құралға айналдырып отыр» деп айыптаған еді.

Оның пікірінше, Ресей аталған радионы тәртіпке шақыруы керек. «Әйтпесе Венедиктовті жауапқа шақыратын басқалар біреулер табылады» деп жазған Қадыров.

Қадыровтың «Эхо Москвы» радиостанциясына қатысты мәлімдемесіне осы радионың «Charlie Hebdo редакциясына жасалған шабуылға жауап ретінде басылымдар Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын басуы тиіс деп санайсыз ба?» деген тақырыпқа өткізген сауалнамасы себеп болған.

XS
SM
MD
LG