Accessibility links

Ява теңізінен құлаған ұшақтың бөлігі шығарылды


Теңізге құлаған жолаушылар ұшағының бір бөлігінің су астында түсірілген суреті. 7 қаңтар 2015 жыл.

Теңізге құлаған жолаушылар ұшағының бір бөлігінің су астында түсірілген суреті. 7 қаңтар 2015 жыл.

Индонезия әскери-теңіз күштері Ява теңізіне бұдан екі апта бұрын құлаған жолаушылар ұшағының артқы бөлігі су астынан алып шығарылғанын хабарлады. Индонезиялық құтқарушылар апаттың себебін анықтауға қажетті ұшақ бортындағы жазба құралдарын («қара жәшік») іздестіріп жатыр.

Жолаушылар ұшағының құйрық бөлігін 30 метр тереңдіктен арнайы құралдар мен кран көмегімен су бетіне шығарған. Ұшақтың қалған бөлігі мен апат салдарынан мерт болған жолаушылардың денелерін іздеуге ауа райының қолайсыздығы мен қатты ағыс кедергі болып отырғаны айтылады.

Малайзияның Air Asia әуе компаниясына тиесілі Airbus-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан соң, Калимантан және Белитунг аралдары арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен еді.

Желтоқсанның 30-ында Индонезия құтқарушылары Борнео аралы жағалауынан алты адамның денесі мен ұшақ бөлшектері болуы мүмкін делінген заттарды судан шығарған. Ұшақта болған 162 адамның осы кезге дейін 40-ының мәйіті табылған. 162 адамның көбі - Индонезия азаматтары.

XS
SM
MD
LG