Accessibility links

Қазақстан Украинаға гуманитарлық жүкті тапсырды


Шығыс Украина тұрғындарына арналған гуманитарлық жүк сақталған қойма. (Көрнекі сурет)
Шығыс Украина тұрғындарына арналған гуманитарлық жүк сақталған қойма. (Көрнекі сурет)

Қазақстан Украинаның оңтүстігі мен шығыс аймақтарына құны 70 миллион теңгеге (383 мың АҚШ долларынан аса) жуық гуманитарлық көмек жіберді деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

СІМ ақпаратында гуманитарлық жәрдем жүгінің негізгі бөлігі азық-түлік екені айтылған.

«Гуманитарлық жүк Луганск облысы Северодонецк қаласында Украина төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің өкілдеріне тапсырылды» делінген сырты істер мекемесінің ақпаратында.

Луганск қаласы өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» күштері қолында болғандықтан Украина билігі облыс әкімшілігін уақытша Северодонецк қаласына көшірген.

XS
SM
MD
LG