Accessibility links

Францияда терроризм қаупі сейілген жоқ


Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев (ортада телефонмен сөйлесіп келеді) Charlie Hebdo журналының редакциясы жанында. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл.
Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев (ортада телефонмен сөйлесіп келеді) Charlie Hebdo журналының редакциясы жанында. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл.

Францияда жақын апталарда ең жоғары деңгейдегі терроризм қаупі сақталады. Бұл туралы бүгін мәлімдеген елдің ішкі істер министрі Бернар Казнев тұрғындарды аса қырағы болуға шақырды.

Сенбі күні Франция президенті Франсуа Олланд өткізген шұғыл кеңестен соң Казнев үкіметтің полиция мен өзге де күштік құрылымдарға көмекке әскер жіберетінін хабарлаған.

Министр қаңтардың 11-іне белгіленген Париждегі жаппай шеру кезінде қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шаралар қабылданады деп сендірді. Жексенбі күні өтетін көпшілік шараға Еуропа елдерінің жетекшілері, солардың арасында Германия канцлері Ангела Меркель мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон да қатысады деген ақпарат бар.

Соңғы үш күнде Парижде террорлық шабуылдардан 17 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG