Accessibility links

Донецк аймағында отыздан аса рет атыс болған


Донецк облысындағы украиналық әскери танкі. 11 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Донецк облысындағы украиналық әскери танкі. 11 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның шығысында сепаратистер сенбі күні үкімет әскерінің позициясын 34 рет атқылаған деп хабарлайды украиналық әскерилер операциясы баспасөз орталығының ақпаратына сілтеме жасаған УНИАН агенттігі.

Ол мәліметте «Донецк әуежайы мен оған жапсарлас жатқан елдімекендер шиеленіс ошағы» болып қалып отырғаны айтылған. «Сепаратистер Березовое елдімекеніне танктер мен екі рет зеңбіректерден соққы берген, минометтен Ратамчук төңірегін, Славное мен Опытное ауылдарын екі реттен, сол сияқты, Богдановка, Авдеевка мен Каменканы минометтен атқылаған» деп хабарлаған украиналық әскерилер баспасөз орталығы.

Ал қарсы тарап болса Донецк қаласының төңірегі мен бірқатар елдімекендерді үкімет күштері әскери қарудан атқылаған дейді. Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» «қорғаныс министрлігі» сенбі күні украиналық әскерилер Донецк, Горловка, Тельманово елдімекендерінің төңірегі мен Донецк әуежайына артиллериядан оншақты рет соққы берді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG