Accessibility links

Ливанда терактіден жеті адам қаза болды


Ливан сарбаздары жарылыс болған кафе маңында тұр. Жабал Мохсен, Триполи, 10 қаңтар 2015 жыл.

Ливан сарбаздары жарылыс болған кафе маңында тұр. Жабал Мохсен, Триполи, 10 қаңтар 2015 жыл.

Ливандағы Триполи қаласында сенбі күні жанкешті жасаған жарылыс салдарынан жеті кісі қаза тауып, отыздан аса адам жараланған.

Террорлық жарылыс қаланың Жабал Мохсен кварталындағы кафеде болған. Бұл ауданда негізінен алавиттер (исмаилизм мен христиандықтың ықпалында жетілген шииттік топ) қоныстанған.

Триполиде Жабал Мохсен тұрғындары мен Баб әл-Теббанех ауданында тұратын сүнниттер арасында қарулы қақтығыстар жиі болып тұрады. Соңғы жылдары осындай жанжалдардан мерт болған ондаған адамның көпшілігі – кездейсоқ құрбанға айналған бейбіт тұрғындар.

Көршілес Сирияда билікке қарсы қарулы бас көтеру жалғасып жатқалы бері Триполидегі жағдай тіпті ушығып кетті. Жабал Мохсен тұрғындары алавиттер өкілі болып табылатын Сирия президенті Башар Асадты қолдайды. Ал Баб әл-Теббанех ауданы тұрғындары болса, Сирияда билік режиміне қарсы күресіп жатқан көтерілісшілер жағында. Сирия халқының басым көпшілігін сүниттер құрайды.

XS
SM
MD
LG