Accessibility links

Меркель Астана саммитіне қатысты шарттарды айтты


Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта). Милан, 17 қазан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта). Милан, 17 қазан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинге Минскіде жасалған келісімнің шарттары орындалмайынша Украина жөнінде «норманд форматындағы» саммит өткізу мүмкін еместігін айтқан.

Канцлердің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберттің хабарлауынша, қаңтардың 10-ы күні телефон арқылы сөйлескенде Меркель Путинге Минск келісімін жүзеге асыру үшін Украинаның шығысындағы сепаратистерге Мәскеудің ықпал етуін күтетінін жеткізген. Меркель Украинадағы жағдайға қатысты «шынайы прогреске» қол жетпейінше Франция, Германия, Ресей және Украина басшыларының қатысуымен Астана саммиті өтпейтінін ескерткен.

Бұған дейін Украина жағдайына қатысты Астанада қаңтардың 15-і күні төрт елдің жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу жоспары туралы хабарланған еді. Оған дейін төрт елдің сыртқы істер министрлері қаңтардың 12-і күні Берлинде кездеспек.

Зайберттің хабарлауынша, сенбі күні Германия канцлері Ангела Меркель Украина президенті Петр Порошенкомен де сөйлескен.

Былтырғы жылдың көктемінен бері Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстар салдарынан 4700 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG