Accessibility links

Иран мен Венесуэла мұнай бағасына қатысты күш біріктірмек


Иранның жоғарғы билік басшысы аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 7 қаңтар 2015 жыл.

Иранның жоғарғы билік басшысы аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 7 қаңтар 2015 жыл.

Иранның жоғарғы билік басшысы аятолла Әли Хаменеи қаңтардың 10-ы күні Тегеранда Венесуэла президенті Николас Мадуромен кездесуде әлемдік базарда мұнай бағасының құлдырауына екі елдің бірлесіп қарсы тұруын қолдайтынын айтқан.

Хаменеи мұнай бағасының құлдырауын «әдеттен тыс құбылыс» деп атап, оның саяси астары болуы мүмкін деген пікір білдірген. Ол мұнай бағасының төмендеуін «біздің ортақ дұшпанымыздың іс-әрекеті» деп түсіндірген.

Мадуро Тегеранға мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше мемлекеттерге ресми сапары аясында келген. Венесуэла – ОПЕК мүшесі.

Бұның алдында Мадуромен кездесуде Иран президенті Хасан Роухани Тегеран мен Каракас «әлемдік державалар стратегиясына қарсы тұру» және «2015 жылы бағаны (мұнайдың – ред.) ақылға қонымды деңгейде тұрақтандыру» үшін әріптес бола алатындығы шүбәсіз деген.

Былтыр жаздан бері шикі мұнай бағасының шамамен 50 пайызға құлдырауы Иран мен Венесуэла тәрізді осы шикізатқа бай елдердің бюджетіне түсімді кемітіп жіберген еді.

XS
SM
MD
LG