Accessibility links

Хорватия президентін сайлап жатыр


Хорватияның қазіргі президент Иво Йосипович президент сайлауының бірінші кезеңінде дауыс беріп тұр. Загреб, 28 желтоқсан 2014 жыл.
Хорватияның қазіргі президент Иво Йосипович президент сайлауының бірінші кезеңінде дауыс беріп тұр. Загреб, 28 желтоқсан 2014 жыл.

Ел экономикасындағы проблемаларға байланысты қоғамда наразылық күшейіп отырған Хорватияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін жергілікті уақытпен таңертегі сағат жетіде басталған дауыс беру кешкі сағат жетіге дейін жалғасады. Сайлаудың екінші кезеңіне елдің қазіргі президенті Иво Йосипович пен оның бәсекелесі, консерваторлар өкілі Колинда Грабар-Китарович шыққан.

Социал-демократиялық партияның мүшесі Йосипович алғашқы турда берілген дауыстардың 38,5 пайызыне ие болып алға озған еді. Грабар-Китарович одан бір пайыз кем дауыс жинаған болатын.

Биыл парламент сайлауын өтетін Хорватиядағы бұл жолғы президент сайлауы Йосиповичті қолдайтын солшыл центристік коалиция үшін де сынақ болмақ. Қазіргі президенттің экономикадағы дағдарыспен күресу әдістері қоғамда сынға қалып отыр.

Бұрынғы сыртқы істер министрі, «Хорватия демократиялық ынтымақтастығы» оппозициялық партиясының өкілі Грабар-Китарович 2011 жылдан 2014 жылға дейін НАТО бас хатшысының бұқаралық дипломатия жөніндегі көмекшісі болып істеген.

Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жетіде дауыс беру учаскелері жабылған соң бюллетеньдерді санау басталады. Сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі шамамен кешкі сағат он кезінде жариялануы мүмкін.

XS
SM
MD
LG