Accessibility links

Астанада "ұйқы дертінің" себептері анықталмады


Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталық. 12 қаңтар 2015 жыл.
Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталық. 12 қаңтар 2015 жыл.

Дәрігерлер Ақмола облысы Калачи ауылының "ұйқы дерті" белгісімен ауруханаға түскен төрт тұрғынының қанынан өндірістік заттарды, я радиация белгілерін таба алмады деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен брифингте Ұлттық ғылыми медицина орталығының директоры Абай Байгенжин.

Оның айтуынша, зерттеу барысында төрт тұрғынға қандай да бір сыртқы факторлардың әсер еткені анықталмаған.

- Біз "ұйқы дерті" деп атап жүрген ауруға науқастардың өздерінде бар созылмалы аурулары себеп болған, - деді Абай Байгенжин.

Дәрігерлер Астанаға түскен әйелдер қант диабеті, қаны аздық, қан қысымының жоғарылауы сияқты дерт түрлерімен ауыратынын, кейбірінің инфаркт пен инсульт алғанын айтады. Ұлттық ғылыми медицина орталығы науқас әйелдердің жағдайын "қанағаттанарлық" деп сипаттады.

Калачиде тұрғындар алғаш рет 2011 жылы "ұйқы дерті" белгісімен ауруханаға түсе бастаған еді. Қаңтардың басында Астанадағы Ұлттық ғылыми медицина орталығына "ұйқы дерті" белгілері бар бір топ науқас тексеруге әкелінген болатын.

XS
SM
MD
LG