Accessibility links

Дияс Hobart International-дың 1/8 финалына өтті


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Австралияда өтіп жатқан Hobart International жарысында испаниялық Сильвия Солер-Эспиносаны 6:3 және 6:4 есебімен ұтып, 1/8 финалға өтті.

Зарина Дияс 1/8 финалда Даниэла Гантухова (Словакия) мен Ричел Хогенкамп (Нидерланд) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Hobart International - WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) санатына кіретін, жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын жарыс.

Зарина Дияс 12 қаңтарда жарияланған WTA рейтингінде 32-орыннан 31-орынға көтерілді.

XS
SM
MD
LG