Accessibility links

Назарбаев ұлттық гвардия туралы заңға қол қойылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық гвардия туралы" заң жобасына қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңда ұлттық гвардияның өкілеті, міндеті, қызметін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған. Құжатта әскери қызмет атқару мен ұлттық гвардияның арнайы құралдарды, қару жарақтарды, әскери және арнайы техниканы қолдану, күш қолданудың шарттары мен шегі қарастырылған.

Өткен жылы көктемде ішкі істер министрлігінің ішкі әскері ұлттық гвардия болып қайта құрылған.

Ұлттық гвардия ішкі әскердің қызметін атқарып, төтенше жағдай салдарын жою, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бітімгерлік миссиясына қатысу міндеттелген. Ұлттық гвардияның элиталық бөлімі - "Бүркіт" арнайы жасағы қарулы бандалық топтармен, экстремистермен және террористермен күреседі.

XS
SM
MD
LG