Accessibility links

Бауыржан Әбдішевті қамау мерзімі ұзартылды


Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев. Астана, 25 қазан 2013 жыл.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев. Астана, 25 қазан 2013 жыл.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті қамауға алу мерзімі ақпанның 23-іне дейін ұзартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық 1-соты Әбдішевті қамауда ұстау мерзімін тергеушінің өтінішімен ұзартқан.

Сот өткен жылдың 25 қыркүйегінде Бауыржан Әбдішевті қаңтардың 25-іне дейін қамауға алуға санкция берген.

Бауыржан Әбдішев қыркүйектің 24- іне ауған түні ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің "қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану" бабы бойынша айып тағылған.

Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметін 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымы аралығында атқарған еді.

XS
SM
MD
LG