Accessibility links

Куба елу үш саяси тұтқынды түрмеден босатты


Гавана көшелерінің бірінде ілулі тұрған Куба туы. (Көрнекі сурет)

Гавана көшелерінің бірінде ілулі тұрған Куба туы. (Көрнекі сурет)

Куба АҚШ президенті әкімшілігімен екі ел қарым-қатынасын қалпына келтіру жөніндегі келіссөзде келісілген елу үш саяси тұтқынды түрмеден босатты. Бұл жайында Reuters агенттігіне аты-жөнін атамаған Ақ үй өкілі хабарлаған.

Куба бұл қадамы арқылы қаңтардың 21-і мен 22-сі күндері Гаванада өтетін америка-куба диалогының келесі кезеңі алдында тұрған кедергіні жойған. Дегенмен, Ақ үй өкілі АҚШ қамауда отырған кубалық басқа да саяси тұтқындарды босатуға күш сала беретінін айтады.

Ақ үй қаңтардың 12-сінде Конгресс өкілдеріне екі ел дипломатиялық қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін түрмеден босатылуы тиіс кубалық диссиденттер тізімін тапсырған.

Конгресс мүшелері соңғы апталарда Барак Обама әкімшілігін Гавананы "ар-ұждан тұтқындарын" босатуға берген уәдесін орындата алмай отыр деп сынаған.

Таяу күндері Обама әкімшілігі Кубамен туристік және іскерлік байланыстарды жеңілдететін, Конгрестің мақұлдауын қажет етпейтін бірқатар шаралар қабылдамақ.​

Ақ үй осыдан 53 жыл бұрын жабылып қалған АҚШ-тың Гаванадағы елшілігін қайта ашуды мақсат етіп отыр. Барак Обама әкімшілігі республикашылар басым Конгресс таяу болашақта Кубаға салынған эмбаргоны толықтай жоюға келіседі деген үмітте.

XS
SM
MD
LG