Accessibility links

Қырғызстанда "Сирияға адам жөнелткен" күдікті тергеуге алынды


Сирияның Идлиб провинциясында жүрген исламшыл содырлар. Желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Сирияның Идлиб провинциясында жүрген исламшыл содырлар. Желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында 60-қа тарта азаматты Сирияға исламшыл содырлар қатарында соғысуға жөнелткен деген күдікке ілінген адам тергеліп жатыр.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулаймановтың бүгін Азаттыққа хабарлауынша, Оштан шыққан 21 жастағы азамат Түркияның Стамбул қаласында жалға алған пәтерін Сирияға содырлар қатарына адам жөнелтетін орталық ретінде пайдаланғанын мойындаған.

Сулаймановтың сөзінше, күдіктінің әкесі - құқық қорғау органының отставкадағы қызметкері Түркияға өзі барып, ұлын қайтарып әкелген.

Қырғызстан мен Орталық Азиядағы басқа да елдер, Ресей мен Солтүстік Кавказ елдерінің билігі жүздеген азаматтары радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы және басқа да экстремистік топтар қатарында Сирияда президент Башар Асадтың үкіметіне қарсы соғысып жатыр дейді.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, Сирияға кеткен қырғызстандықтар саны 200-ге жетеді.

XS
SM
MD
LG