Accessibility links

Сот Хосни Мүбәрактан қаржы жымқыру айыбын алып тастады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак Каирдегі әскери госпитальда. Қараша, 2014 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак Каирдегі әскери госпитальда. Қараша, 2014 жыл.

Египет соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракқа тағылған қаржы жымқыру айыбын алып тастап, істің қайта қаралатынын жариялады.

86 жастағы Мүбәрак өткен жылдың мамыр айында "бюджеттің миллиондаған қаржысын жымқырып жеке мүддесіне пайдаланды" деген айыппен үш жылға, ал оның ұлдары Гамаль мен Алаа - төрт жылға сотталған еді.

Бүгін кассациялық сот "істі қарау кезінде заңдық процедуралар тиісті түрде сақталмаған" деген шешім шығарды.

Үш жылдан астам уақыт Каирдегі әскери госпитальда жатқан Мүбәрактың босатылатыны, я босатылмайтыны әзірше белгісіз.

Өткен жылы қарашада сот Хосни Мүбәрактан 2011 жылы өзін биліктен тайдырған демонстрацияларда жүздеген шерушінің өліміне қатысы бар деген айыпты алып тастаған.

XS
SM
MD
LG