Accessibility links

Боксшы Серимов допингке байланысты айыпталды


Допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық боксшы Алмат Серимов (оң жақта). Сурет "Астана арландары" клубының баспасөз қызметінен алынды

Допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық боксшы Алмат Серимов (оң жақта). Сурет "Астана арландары" клубының баспасөз қызметінен алынды

Қазақстандық боксшы Алмат Серимов "допинг қолданды" деп айыпталып, екі жылға бокстан шеттетілді деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Қазақстан антидопинг комитеті боксшы "Серимов халықаралық антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жыл аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыспайды" деген шешім шығарған.

81 килограмм салмақ дәрежесіндегі Алмат Серимов бірнеше рет Қазақстан чемпионатын ұтқан. Ол былтырдан бері "Астана арландары" бокс клубының құрамында жарыстарға қатысып жүрген. Допинг дауынан кейін "Астана арландары" боксшымен келісім-шартты үзді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG