Accessibility links

Дума содырлар туыстары жайлы заң жобасын қарайды


Ресей мемлекеттік думасының отырысы, Мәскеу. (Көрнекі сурет)

Ресей мемлекеттік думасының отырысы, Мәскеу. (Көрнекі сурет)

Шешенстан парламенті депутаттары Ресей мемлекеттік думасының қарауына теракті жасаған содырлардың туыстарын жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын ұсынды. Құжат Ресей парламентіне қаңтардың 12-сінде түскен.

Заң жобасында шешенстандық депутаттар "қоғамдық қауіпсіздікке қарсы террорлық сипаттағы қылмыс жасады" деп танылғандарға жазаны күшейтуге шақырған.

Құжатта террорлық қылмысы үшін сотталғандардың туыстарын да сот егер "қандай да бір түрде ықпал" етті деп тапқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынады. Заң жобасы бойынша, террорлық қылмыс жасады деп танылғандар 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленеді және активтері бұғатталады.

Құқық қорғаушылар мен заңгерлер заң жобасын "ортағасырлық кезеңдегі ұжымдық түрде жазалау" дәстүрін қайта тудыруға шақырады деп сынады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров желтоқсан айында теракті жасаған содырлардың туыстарының үйін бұзып, басқа жаққа көшіріп жіберу керек деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG