Accessibility links

ФСБ ИМ видеосына қатысты түсінік бермеді


"Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы таратқан видеодағы қарулы баланың өздерін "Ресей жансыздарымыз" деп сипаттаған екі адамды атқалы тұрған сәті. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан алынған скриншот. 13 қаңтар 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы таратқан видеодағы қарулы баланың өздерін "Ресей жансыздарымыз" деп сипаттаған екі адамды атқалы тұрған сәті. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан алынған скриншот. 13 қаңтар 2015 жыл.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы таратқан "ФСБ жансыздарын ату" видеосына қатысты түсінік беруден бас тартты.

Қаңтардың 13-і күні әлеуметтік желілерде тараған ИМ видеосында қарулы ұл баланың өздерін "Ресей тыңшысымыз, Сирияда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне жұмыс істедік" сипаттайтын екі адамды тапаншамен атқаны түсірілген.

Видеоның басында "тыңшымыз" деген екі адам тергеледі. Тергеу орыс тілінде жүрген. Олардың бірі өзін "Жанболат Мамаев Есенжанұлымын, 1976 жылы Қазақстанның Жамбыл облысы Мерке ауданында тудым" деп таныстырады. Екінші адам өзін "Сергей Ашимов" деп атаған. Бұдан соң оларды далада ересек содырдың басшылығымен ер бала тапашамен атады.

Ресейдің Сириядағы елшілігінің баспасөз хатшысы Олег Самочкин "Интерфакс" агенттігіне елшіліктің "содырлардың Ресей арнайы қызметі өкілдерін атқаны" туралы ақпаратты тексеріп жатқанын айтқан. Ол "Бізде әзірге видеодағы адамдардың Ресей азаматтары екенін растайтын ақпарат жоқ" деген.

XS
SM
MD
LG