Accessibility links

Иемендегі "Әл-Қаида" Charlie Hebdo-ға шабуылды мойнына алды


Charlie Hebdo журналының жаңа тиражының мұқабасы.

Charlie Hebdo журналының жаңа тиражының мұқабасы.

Иеменде орналасқан, "Әл-Қаида" ұйымының Араб түбегіндегі қанаты өткен аптада Парижде сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуылды мойнына алды.

Қаңтардың 7-сінде журнал редакциясына бетперде киген қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам қаза тапқан. Мерт болғандардың көпшілігі - журнал қызметкерлері.

Шабуылға күдіктілерді ұстап, көзін жою операцияларында Парижде тағы бес адам қаза тапқан.

Арнайы таратқан видео үндеуінде "Араб түбегіндегі Әл-Қаида" ұйымы "шабуылдаушылар журналдың Мұхаммед пайғамбарды карикатураға салғанына кек қайтармақ болды" дейді.

Бүгін Charlie Hebdo журналының шабуылдан кейінгі алғашқы саны шыққан. 3 миллион тиражбан шыққан журнал алты тілге аударылып, әлемнің 25 мемлекетінде сатылып жатыр. Журнал мұқабасында Мұхаммед пайғамбардың қолына "Шарли деген - мен" деген жазуы бар плакат ұстаған бейнесі басылған. Картина "Барлығы кешірілді" деп аталған. Парижде бүгін газет дүңгіршектері алдында журнал санын алуға ұзын-сонар кезек пайда болған.

XS
SM
MD
LG