Accessibility links

Қазақстанда ажырасу саны өскен


Былтыр Қазақстанда барлығы 147 мыңнан астам неке тіркелген. Ал 2014 жылдың қаңтар-қараша аралығында 48,4 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

Бұл туралы бүгін, 14-қаңтарда Астанада өткен арнайы брифингте Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мамандары мәлімдеді

«2014 жылғы қаңтар-қарашада АХАТ органдары 147,3 мың неке қию туралы акті жазбасын ұсынды. 2013 жылмен салыстырғанда неке қию саны 5,1 пайызға азайды. 2014 жылы қаңтар-қараша арасында 48,4 мың ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берген. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ажырасу 2,3 пайызға өскен», - делінген комитет мәліметінде.

2013 жылы Қазақстанда 47,3 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

XS
SM
MD
LG