Accessibility links

Сепаратистер: Донецк әуежайы терминалын алдық


Донецк әуежайының гидрометеорологиялық станциясында жүрген украин әскерилері. Украина, желтоқсан 2014 жыл.
Донецк әуежайының гидрометеорологиялық станциясында жүрген украин әскерилері. Украина, желтоқсан 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер "Украина әскерімен кескілескен шайқаста Донецк әуежайының терминалын басып алғандарын" мәлімдеді. Сепаратистер қазір терминалдың қираған үйіндісіне бақылау жасап отырғанын айтады.

Associated Press агенттігінің ақпараты бойынша, ғимарат үстіне сепаратистер туы тігілген. Бірақ Украина әскери басшылығы армия аэропорттағы позициясынан айырылған жоқ деп отыр.

Сепаратистер қазір Донецкінің көп бөлігін бақылауда ұстап тұр. Дегенмен, Украина әскері бірнеше ай бойы әуежайды қорғап тұрған.

АҚШ мемлекеттік департаменті әуежай маңындағы ұрысты "Ресей қолдап отырған сепаратистердің өз міндеттемелерін кезекті рет өрескел түрде бұзуы" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG