Accessibility links

Армения прокуроры: Ресейден Пермяковты беруін талап етеміз


Ееревандағы Ресей елшілігі алдындағы қарсылық акциясы. Армения, 15 қаңтар 2015 жыл.

Ееревандағы Ресей елшілігі алдындағы қарсылық акциясы. Армения, 15 қаңтар 2015 жыл.

Армения бас прокуроры Геворг Костанян наразылық танытушыларға Ресейден "Гюмри қаласында бір отбасының алты мүшесін өлтірді" деп айыпталған ресейлік сарбазды Арменияға тапсыруды талап етуге уәде берді. Бұл туралы ол қаза тапқандарды жерлеуден кейін Гюмри прокуратурасына барған тұрғындар алдында айтты.

Гюмриде кеше Ресей гарнизон сотының шешімімен "армян отбасының алты мүшесін өлтірді деген" күдікті Валерий Пермяков тұтқындалған. Билік орындарының дерегінше, Пермяков әскерден қашқанын және кісі өлтіргенін мойындаған. Бұған дейін Костанян Пермяковтің Ресейде сотталатынын мәлімдеген.

12 қаңтар күні таңертең Арменияның Гюмри қаласында алты адам өлтірілгені анықталды. Мерт болған алты адам - ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы. Алты айлық ұл бала ауруханаға түскен. Бұл қылмысқа күдікті ретінде танылған Валерий Пермяков 13 қаңтар күні Түркия шекарасында ұсталған еді.

13 қаңтар күні Гюмриде мыңдаған адам қарсылық шарасына шығып, Ресейден Пермяковты Арменияға беруді талап еткен. Ал 15 қаңтарда Ереванда Ресей елшілігі алдында қарсылық шарасына шыққандар Ресей туын өртеуге кедергі келтірген полициямен қақтығысқан. Қақтығыстан 15 шақты адам зардап шегіп, 20 адам тұтқындалған.

Гюмриде Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы ең ірі әскери базасы орналасқан.

XS
SM
MD
LG