Accessibility links

Бельгия: Антитеррорлық операцияда екі адам мерт болды


Бельгияның қауіпсіздік күштері Вервье қаласындағы антитеррорлық операция кезінде. 15 қаңтар 2015 жыл.

Бельгияның қауіпсіздік күштері Вервье қаласындағы антитеррорлық операция кезінде. 15 қаңтар 2015 жыл.

Бельгия билігі елдің шығысында өткен антитеррорлық операция кезінде "исламшыл содыр" деген күдікті екі адамның көзі жойылып, біреуі тұтқындалғанын хабарлады.

Магистрат Эрик Ван дер Спиттің хабарлауынша, қаңтардың 15-інде Бельгияның шығысындағы Вервье қаласында "исламшыл содырлар ұйымдастырмақ болған ауқымды терактінің алды алынған.

Полиция Брюссель мен Вервьеде Сириядан оралған күдікті содырлар тұрып жатқан он шақты үйді тінткен.

Вервьедегі үйлердің қауіпсіздік күштері мен күдіктілер арасында атыс болып, операция барысында екі қарулы адамның көзі жойылған.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, теміржол станциясы маңында жарылыстар болған.

Операцияда қауіпсіздік күштерінің өкілдері зардап шекпеген.

Парижде қаңтардың 7-сінде сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына содырлардың шабуыл жасауы мен шабуылдан кейін оларды ұстау операциялары барысында 17 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG