Accessibility links

Палестина Араб елдері лигасынан қаржылай көмек сұрады


Палестина басшысы Махмуд Аббас Араб елдері лигасы сыртқы істер министрлерінің жиынында отыр. Каир, 15 қаңтар 2015 жыл.

Палестина басшысы Махмуд Аббас Араб елдері лигасы сыртқы істер министрлерінің жиынында отыр. Каир, 15 қаңтар 2015 жыл.

Палестина басшысы Махмуд Аббас Араб елдері лигасынан автономияда экономикалық тұрақтылықты сақтап отыру үшін айына 100 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек беріп отыруды сұрады.

Қаңтардың 15-інде Каирде Араб елдері лигасы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысқан Аббас көмекті Израильдің Палестина әкімшілігіне ай сайын салық түсімдерінен қаржы бөліп отыруды тоқтатқан соң сұрағанын айтады.

Тель-Авив Палестинаның Халықаралық қылмыстық сотқа қосылуына жауап ретінде автономияға салық түсімдерінен қаржы бөлуді тоқтатып, Махмуд Аббас әкімшілік қызметкерлеріне жалақы төлей алмай қалған.

БҰҰ Израильді Палестинаға қаржы бөлуді тоқтатпауға шақырды.

XS
SM
MD
LG