Accessibility links

Лукашенко: Беларусь Батыспен байланысын жақсартады


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 23 желтоқсан 2014 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 23 желтоқсан 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскінің Батыс елдерімен байланысты жақсартатыныны айтып, Ресейді бұған кедергі келтірмеуді ескертті.

Қаңтардың 15-інде парламентте сөйлеген Лукашенко Беларусь Еуропа Одағы және АҚШ-пен "тұрақты және мақсатты түрде байланыс орнататынын" мәлімдеді.

Ресейдің Батыс елдерінің Украина ісіне араласқаны үшін санкция салуынан қиындықтарға тап болғанын меңзеген Лукашенко "Біз Ресейдің соңғы кездері батыспен қарым-қатынасын жақсартуға үлкен күш жұмсап жатқанына қарсы емеспіз. Олай болса, біздің де ұмтылысымызға қарсылық болмауы тиіс" деді.

Лукашенко Ресейдің батыспен егесі Мәскеудің аймақтық экономикалық және қауіпсіздік ұйымдарындағы серіктеріне кері әсер етіп отырғанын келтіріп, "Барлық тараптар сабырға келіп, дұрыс жұмыс жасауы тиіс" деді.

Александр Лукашенко бұған қоса Батыс елдерінің Беларусьті Ресейге "ешқашан айырбастамайтынын", Беларусьтің "ешқашан сатқын болмағанын" айтты.

Беларусь билігі соңғы жиырма жылда өзгеше ойлайтындарға төзімсіздік танытуынан Еуропа одағы және АҚШ-пен қарым-қатынасын нашарлатып алған. Бірақ Лукашенко Ресей мен батыс елдерінің қарсылығын үнемі тиімді пайдаланып қалуға тырысады.

XS
SM
MD
LG