Accessibility links

24 жылда Қазақстанға миллионға жуық оралман келді


Оралман куәлігі. (Көрнекі сурет).

Оралман куәлігі. (Көрнекі сурет).

"Қазақстанға тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері шетелден 950 мыңнан астам этникалық қазақ оралды" деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, 1991 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта 952 мың 882 этникалық қазақ (259 мың 159 отбасы) Қазақстанға оралған.

Ресми есеп бойынша, отанына оралған этникалық қазақтардың 61 пайыздан астамы - Өзбекстаннан, 14 пайыздайы - Қытайдан, 9 пайызы - Моңғолиядан, 7 пайызға жуығы пайызы - Түркіменстаннан, 4 пайыздан астамы - Ресейден, 3 пайыздан көбі өзге елдерден келген.

Оралмандар Қазақстандағы жалпы халықтың (17,4 миллион адам) 5,5 пайызы болып отыр.

XS
SM
MD
LG