Accessibility links

Сепаратистер: Минскідегі кездесуге қатысуға әзірміз


Донецкідегі сепаратистер жетекшілерінің бірі Александр Захарченко (ортада).

Донецкідегі сепаратистер жетекшілерінің бірі Александр Захарченко (ортада).

Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері Минскіде қаңтардың 16-сы күні өтетін келіссөзге қатысуға әзір екендерін мәлімдеді.

Өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" жетекшісі Игорь Плотницкий Минскіге Украина, Ресей және ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесуге өзі бармайтынын, бірақ Владислав Дейнего деген өкілін жіберетінін айтты.

Ал өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" (ДХР) басшысы Денис Пушлин де "ДХР делегациясы Минскідегі кездесуге қатысуға дайын" екенін мәлімдеді.

Пушлин "егер келіссөзде қандай да бір ілгерілеушілік болса, онда кездесуге Игорь Плотницкий мен Донецкідегі сепаратистер жетекшілерінің бірі Александр Захарченко баруы мүмкін" екенін айтты.

Украина, Ресей және ЕҚЫҰ өкілдерінің бұған дейінгі кездесуі Минскіде 24 желтоқсан күні өткен. Кездесуге Украина жағынан бұрынғы президент Леонид Кучма, Ресей жағынан Украинадағы елші Михаил Зурабов, ЕҚЫҰ-дан Хайди Тальявини қатысқан.

XS
SM
MD
LG