Accessibility links

Киев: Донецк әуежайы украин әскері қолында


Донецк әуежайы аумағында жүрген украин сарбаздары. Желтоқсан 2014 жыл.
Донецк әуежайы аумағында жүрген украин сарбаздары. Желтоқсан 2014 жыл.

Украина билігі ресейшіл сепаратистердің "Донецк әуежайының бір бөлігін бақылауға алдық" деген мәілмдемесін жоққа шығарды.

Украина қарулы күштері бас штабының ресми өкілі Владислав Селезнев бүгін "Донецк әуежайындағы жаңа терминал антитеррорлық операция күштерінің бақылауында" екенін мәлімдеді.

Донецк халықаралық әуежайы қазір қираған. Әуежайда украин әскері мен сепаратистер арасында шайқас жүріп жатыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті бұған дейін Донецк әуежайы маңындағы шайқас сепаратистердің 2014 жылдың қыркүйегінде Минскіде жасалған келісім талаптарын орындамауынан туындады деп мәлімдеген.

БҰҰ дерегінше, 2014 жылдың сәуір айынан бері Шығыс Украинадағы қақтығыстардан 4700-ден астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG