Accessibility links

"Самұрық-Қазына" шығын мен бағдарламаларын қысқартады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Астана, 16 қаңтар 2015 жыл. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Астана, 16 қаңтар 2015 жыл. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев "қор өнімдерінің құны 7,8 пайызға, әкімшілік шығындар 20 пайызға, инвестициялық бағдарламалар 18 пайызға қысқарады" деп хабарлады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауына барған Шөкеев қордың қазіргі қызметі, негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы мен жоспарлары туралы да айтты.​

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев 15 қаңтарда үкімет мүшелерімен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткізген кеңесте "дағдарысқа байланысты бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек" екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG