Accessibility links

Бірнеше елде Charlie Hebdo-ға қарсы шерулер өтті


Пәкістандағы Charlie Hebdo-ға қарсы шеру
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

ВИДЕО: Charlie Hebdo журналына наразылық білдірушілер полициямен қақтығысты. Карачи, Пәкістан, 16 қаңтар 2015 жыл.

Жұма күні әлемнің бірқатар елдерінде француздың Charlie Hebdo сатиралық журналында пайғамбардың карикатурасы жариялануына наразылық акциялары өтті.

Пәкістанның Карачи қаласында негізінен Жамаат-е-Ислами діни партиясына қатысы бар 200-ге жуық студенттер шеруін тарату үшін полиция су мен көзден жас ағызатын газ шашты. Франция консулдығы жанындағы тәртіпсіздіктер барысында үш адам зардап шеккен, олардың бірі – француздың AFP ақпарат агенттігінің фототілшісі деп хабарланды.

Иордания астанасы Амман қаласында Франция елшілігіне бармақ болған шерушілер мен олардың жолын бөгеген полиция арасында қақтығыс болған.

Бұл күні Алжирде, Сирияда, Үндістан мен Филиппин елдерінде де журнал карикатурасын айыптау шерулері өткен. Иерусалимде палестиндіктер наразылық акциясын ұйымдастырған.

Charlie Hebdo журналына қаңтардың 7-і күнгі шабуылдан кейін осы аптада үш миллион тиражбен шыққан басылымның жаңа санында «Мұхаммед пайғамбардың» «Мен Чарлимін» деген жазуы бар плакат ұстаған бейнесі басылған. Картина «Барлығы кешірілді» деп аталған.

XS
SM
MD
LG