Accessibility links

Қырғызстанда шекара бекетіне шабуылдан бір адам мерт болған


Қырғызстандық шекарашы. (Көрнекі сурет)
Қырғызстандық шекарашы. (Көрнекі сурет)

Жұма күні жергілікті уақытпен сағат 23 шамасында Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы Айкөл шекара бекетіне жасалған шабуылдан бір шекарашы мерт болып, екеуі жараланған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қаза тапқан офицер – Айкөл шекара бекетінің командирі аға лейтенант Т.Исмаилов деп хабарлаған ресми органдар. Жараланған екі шекарашы Исфана кентіндегі ауруханаға жеткізілген.

Айкөл шекара бекетіне кім шабуыл жасағаны әзірше белгісіз.

Төтенше оқиғадан кейін Баткен облысындағы мемлекеттік шекара қызметінің құрамы күшейтілген тәртіпке көшірілген. Оқиға болған жерде әскери прокуратура мен күш органдарының өкілдері тергеу амалдарын атқарып жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG